Тұмаудан сақ болыңыз!
Тұмаудың эпидемиологиялық маусымы қазан мен сәуір айлары аралығына келеді. Күн суыта қалада жұқпалы респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар саны күрт өскен. Дәрігерлер тұрғындардан вакцинациядан өтіп, алдын алу шараларын сақтауды сұрайды. Бұл қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қолды арнайы сұйықтықпен жуу сияқты талаптардың орындалуын көздейді. Мамандар сондай-ақ, аурудың алғашқы белгілері байқалса маманға жүгінуге кеңес береді.Сіз белгілері тұмауға ұқсайтын, басқа бір вирусты денеңізге жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Екпе кімдер үшін маңызды? Балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағылар басты назарда. Өйткені, бұл санаттағылар әлсіз топқа жатады. Оқушылар мен студенттерге де вакцина алған абзал,-дейді маман.Өйткені, оқудан бас алмайтын студенттер үнемі қалың ортада. Қоғаммен етене жұмыс істейтіндер де қауіп зонасында. Олар -дәрігерлер, мұғалімдер мен сауда-саттық саласының өкілдері. №3 қалалық емханада тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары 15-қыркүйекте басталып кетті. Ресейде жасалған "Гриппол" вакцинасының 3 мыңдай дозасы алынған. Емханада екпе ақылы және ақысыз түрде жүргізіледі. Екпе 6 айлық сәбиге де салынады. Әрине, ата-анасы ниет білдірген жағдайда. Аталған емханада медицина қызметкерлерінен-19 адам, 71-бала, 120-жүкті әйел мен 543 тіркеуде тұрған тұрғын вакцинациядан өткен.Количество показов: 250
Дата создания: 03.10.2024 07:12:48