Тәлімгер диктор
Эфир арқылы берілген шаһарымыздың тыныс тіршілігі жайлы әртүрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыға Гүлбаршын Аққатованың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті. "Тәулік" ақпараттық бағдарламасын 30 жылға жуық үзбей жүргізген диктор биыл 70 жаста. Сондықтан теле арна тарихында оның өшпес орыны бар. Ақпарат саласына қосқан үлесі үшін ақпарат министрінің алғыс хатын алды. Мерейтой иесін бүгін өзі қызмет еткен теле арна ұжымы да құттықтады. Дарабоз диктордың шәкірттер қазір республикалық арналардан ақпарат таратуда. Құрлық асып кеткендері де бар. Дикторлар мектебін қалыптастырып, талай шәкір тәрбиелеген Гүлбаршын Аққатоваға аймақ басшысының арнайы құттықтауы жетті. Танымал диктор 90-жылдар мен 2019 жылдар аралығында эфирден жоғаған емес. Ол кісінің теледидардан үнемі күлімсіреп тұратын мейірімді жүзі мен қоңыр даусы көпшіліктің жүрегінде. Жаңалықты анық әрі түсінікті жеткізетін дикторды көрермені әлі күнге дейін іздейді. Бұған оның алдымен ата-анадан дарыған таланты, екіншіден, Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтында оқығаны себеп болса керек. Көгілдір экранға 1988 жылы Ақтөбе облыстық телеарнасында шықты. 1992 жылы Рика тв телеарнасына ауысады. "Аян" ақпараттық бағдарламасы, "Ата-мұра" хабары, кейін "Тәулік" ақпараттық бағдарламасын жүргізген.Мыңдаған көрерменнің алдында тұрып сөйлеу, жаңалық оқу-үлкен жауапкершілік.Өз алдына дикторлық мектебін қалыптастырған тұлға жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Қазақ тілінің үндестік заңын сақтап эфирде сөйлеген диктор-жас ұрпақтың құлағына әсем де әуезді қазақ тілін құя білді. Көгілдір экранның көркін ашқан, сұлулық символына айналған Гүлбаршын Аққатова күнде кешкісін қазақ шаңырағының төрінде отыратын, диктор оқыған-сөз де дұрыс, ақпарат та шынайы қабылданатын.Диктор болу жылтырап киініп, боянып эфирге шығу емес. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін іс.Жаңалықтар форматы да өзгеше. Соған сай болу шарт. Диктор әр көрерменге ақпарат жаршысы, теле арна ұжымының үлкен жұмысын көрерменге бір өзі паш етеді. Диктор-арнаның келбеті, басты бетке ұстары. Ақтөбеліктер Гүлбаршын Аққатованы әлі күнге дейін іздейді. Жасы 70 ке келсе де бір сыр бермеген диктор жас мамандардың ақылшысы, анасындай деуге болады.Количество показов: 235
Дата создания: 08.10.2024 06:31:07