Студенттер діни сауатын ашты
Ел аумағында соңғы жылдары экстремистік топтардың салдарынан бірқатар жарылыстардың орын алғаны белгілі. Сондай қанды оқиғалардың бірі жуырда Атырау қаласында да болды. Осы аталған лаңкестік әрекеттердің артында кім тұр. Ислам атын жамылып өзінің теріс пиғылын жүзеге асырып жүрген кімдер. Осы және өзге де діни ахуалға қатысты өзекті мәселелерді жастарға кеңірек түсіндіру мақсатында бүгін қаламызға ҚР дін істері агенттігінің бір топ мүшесі келді. Кездесу барысында Қасиетті Құран мен хадистерге қайшы іс-әрекеттері арқылы "Ислам" ілімі мен оның асыл құндылықтарына зиянын тигізіп жүрген түрлі ағымдардың белсенділігі сөз болды. Осыған орай жастарымыздың діни сенімін қадағалап, оларға дұрыс бағыт-бағдар беретін арнайы орталықтардың бар екені де айтылды. Ал елімізде ислам атын жамылып өз әрекеттерін жүзеге асырып жатқан түрлі ағымдардың саны қанша, құзырлы орындар ондай ұйымдардың қызметінен қаншалықты құлағдар? Астаналық меймандар еліміздің жарқын болашағы саналатын жастарымызды әртүрлі теріс бағыттардан сақтаудың бірден-бірі жолы бар дейді. Ол өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру. Өзін мұсылманмын деп есептейтін әрбір азаматтың санасына дәстүрлі ислам қағидаттарын сіңіру. |
Количество показов: 2490
Дата создания: 03.10.2012 19:05:15