"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ҚР Тәуелсіздік күнін атап өтті
Тұғыры биік Тәуелсіздік! Міне бүгін іргемізді бөлек тіккенімізге 33 жыл толып отыр.Осы жылдар ішінде " CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ қуатты өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетті жинақтады. Соңғы бірнеше жылда мұнай мен газ өндіру көлемін оңтайландырылып, компанияның қаржылық жағдайы да нығайған. Мұның бәрі сала қызметкерлерінің еңбегі мен күш-жігерінің арқасында. Осы тұста " CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директоры Ли Шуфэн барша Қазақстандықтарды елеулі мерекесімен құттықтады!Сондай-ақ компания әрқашан әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударған. 1997 жылдан бастап 2024 жылдың ортасына дейін " CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ есепті инвестициялары 17,64 млрд АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздік күні - бұл ұлы мереке, ол елімізде тұрып жатқан бірнеше халық өкілдерін біріктіреді. Бұл Отан алдындағы жауапкершілік. Сонымен қатар, " CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дағы әр түрлі департаменттердің шығармашылық ұжымдары халық әндері мен заманауи әндерді де, патриоттық композицияларды да орындады.
CNPC инвестициялық қызметі басталғаннан бері барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен алымдарды төлеу 3 трлн 254 млрд теңгеге жетті. Компанияның бюджеттік жүктемесінің жалпы коэффициенті 2022 жылдың қорытындысы бойынша – 46%, 2023 жылдың қорытындысы бойынша – 32% құрады.
Количество показов: 128
Дата создания: 14.12.2024 10:20:34