Әскерге қабылданушылар саны артып келеді
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталғалы 8 арнайы топ жасағы жөнелтілген. Олардың дені шекара қызметіне қабылданды. Екінші айдың орта шенінде жұмыс жоспары 100 пайызға орындалды, дейді әскерилер. Аудандардағы жинақтау пункттері де тындырымды жұмыс атқаруда. Олар жүздеген баланы әскерге аттандырды. Дайындық жұмыстары ерте басталды, дейді департамент бастығы Әділет Отарбаев. Ал, ата-аналар әскерде темірдей тәртіп болса балалар үшін алаңдамай жүре аламыз дейді.Биылғы әскерге алынатын сарбаздар Қорғаныс министрілігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия мен Шекара қызметі әскери бөлімдеріне қабылданады.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы бүгінгі жиында әскерге қабылданатын сарбаздарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер көбейгенін жеткізді. Былтыр әскерге барған 55 , биыл 28 сарбаз жоғарғы оқу орындарында білім алуға грантына қол жеткізіпті. Көптеген сарбаздар өздері қызмет еткен әскери бөлімдерге келісім шарт бойынша жұмысқа қабылданған.
Количество показов: 235
Дата создания: 10.10.2024 00:38:17