Шығынға батқан диқандарға көмек көрсетіледі
Жазғы қуаңшылық өңіріміздің егін шаруашылығын шығынға батырды. Биыл облыс бойынша 578 мың гектар алқапқа егін егілсе, 300 мың гектар жер өнім берді. Диқандар еңбегі зая кетті. Қуаңшылықтан біршама шығынға ұшыраған ауыл шаруашылық саласы мамандары оның есесін қалайда қайтарудың жолдарын қарастырып келеді. Келер жылы абдырап қалмас үшін, тұрақтылық қорын қалыптастыру қажет,- дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Марлен Баймағамбетов. Ең алдымен жеңілдікпен берілетін несиеге басымдық жасалмақ. Ал биыл мал азығы үшін бөлінетін субсидия көлемі артады. Биыл Ойыл ауданының диқандары тары егіп табыс табуды жаңғыртты. 400 гектар алқапқа тұқым сеуіп 14 центнерден өнім алған. Мамандар ауыл шаруашылық саласы өкілдеріне қара топырақ қабылдай алатын дәнді дақылдарды еккен дұрыс деп кеңес беріп отыр. Болашақта тұқымның бірнеше түрін сатып алып, тәжірибеге енгізіп, ең өнімдісін тұрақты егу қолға алынбақ. |
Количество показов: 2253
Дата создания: 09.10.2012 19:00:57