Шамадан тыс Өзбекстан азаматтары тиелген автобус ұсталды
Облыста "Заңсыз келгендер-2012" шарасы өтіп жатыр. Акция 7-ші қазанға дейін жалғасады. Тексеру кезінде "Астрахань - Шымкент" тас жолында Оралдан - Сарыағашқа бет алған "Мерседес-Венц" автобусы тоқтатылды. 52 орындыққа жүргізуші 56 өзбекті жайғастырыпты. Жолаушылардың екеуі әйел адам. Олар Мәскеуден нәпақасын тауып келе жатқандар. Үш күннің ішінде заң бұзған 175 шетелдік ұсталыпты. Оның 13-і алыс елдердікі. Біреуі француз, қалғандары Қытай азаматтары. Сот шешімімен 29 шетелдіктің ел аумағында жүру мерзімі қысқартылған. Арнайы қабылдау орталығына құжаттары жоқ 11 ТМД елдерінің азаматтары түскен. Жыл басынан бері шетелдіктерге байланысты әкімшілік құқық бұзған 127 азамат түрлі жазаға тартылған. Олардың 31-і өзге елдің азаматтарын жұмысқа пайдаланған. Облыстық көші-қон полициясы басқармасы Мәртөкке заңсыз келген 42 жастағы ресейліктің ісін сотқа жібермек. |
Количество показов: 2183
Дата создания: 03.10.2012 19:04:30