Үш көлік бір қиылыста жол апатына ұшырады
Түскі бір шамасында Жеңіс даңғылы мен Чернышевский көшесінің қиылысында адам сенгісіз жол апаты орын алды. 1 ай бұрын ғана жаңа асфальт төселген көшеде "Хонда" көлігі ауада бірнеше мәрте аударылып барып жерге төңкерілген. Абырой болғанда, рөлдегі бойжеткен дін аман. Оны 40 минуттан кейін әзер жеткен жедел жәрдем көлігі ауруханаға әкетті. Тұрғындардың айтуынша, бұл қиылыста жол апаттары жиілеген. Басты себеп- бағдаршамның жоқтығы дейді олар. Жол белгілеріне мойын бұрмайтын жүргізушілер кешкі мезгілде тіпті сағатына 100-120 шақырыммен жүйткитін көрінеді. Жол апатын жасаған "Фольксвагеннің" жүргізушісі болса керек. Көлік тұрған Чернышевский көшесінің тұсында "Өткізіп жібер" дегенді білдеретін белгі бар. Ал Жеңіс даңғылында ұшып келе жатқан "Хонда" өзіне қарсы беттегі "Субарудың" үстіне түскен. Айта кетерлігі, жол-көлік апаты түскі 1-лер шамасында болды. Жол полицейлері 4 сағат өткеннен кейін де төбе көрсетпеді. |
Количество показов: 2407
Дата создания: 10.10.2012 18:59:52