Саяжай тұрғындары емханаға жете алмай отырмыз дейді
“Абрикос” баубақша ұжымының тұрғындарына емханаға барып қаралу қиындық тудыруда. Айтуларынша емхана төрт-бес шақырым жерде орналасқан.Жаяу халыққа бұл өзекті мәселе болып тұр. Толығырақ тілшіміз тарқатады. Бұл бау бақша ұжымындағы тұрғындардың дені зейнеткерлер мен көп балалы әйелдер. Номері 5-ші қалалық емханаға тұрғындар көбірек баратын көрінеді. Астарында көлігі болмағандықтан 1,5 сағат қоғамдық көлікті күтеміз дейді. Жалпы алғанда №5 қалалық емхана шамамен жарты сағаттық жерде орналасқан. Дегенмен,қараша науқастардың жаяу барып-келуіне одан қалса ұзақ қоғамдық көлікті күтуіне қиындық соқтырады деп налиды. Тұрғындар бұл жағдай науқастар үшін емханаға барып- келу алаңдататын мәселе дейді. Қоғамдық көлікті 1,5 сағат күткісі келмейтіндер жаяу жүрсе саз балшық кешетін көрінеді.Тұрғындар бұл мәселе бойынша ешкімге көмекке жүгінбеген.Дегенмен,денсаулық сақтау басқармасының айтуынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нормативі бойынша 500 адамға дейін тұрғыны бар жерлерде медициналық пункттер ашылады.Ал, 1000 адамға дейін фельдшерлік-акушерлік пункттер және әкімшілік мәртебесі бар елді мекендерде 1000-нан астам адамға арналған дәрігерлік амбулаторияларды ашу көзделген. Бау-бақша ұжымдары жазда ғана тұруға арналған, сондықтан оларға қызмет көрсету аумағы бойынша жақын маңдағы МСАК объектілерінде жүргізіледі.Количество показов: 10
Дата создания: 28.11.2024 07:34:12