Сәңкібай батырдың ескерткіші ашылды
Ақтөбеде Сәңкібай батырға арналған ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға қала басшылығы, батырдың ұрпақтары қатысты. Гранит тастан қашалған ескерткіштің авторы жергілікті мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. Батыр атымен аталатын даңғыл бойына орнатылған ескерткіштің құны 8 миллион теңге. Мүсіннің айналасы абаттандырылып, шағын демалыс орнына айналды. Ескерткіштің ашылуына батырдың ұрпақтарымен қоса қала қонақтары, тұрғындар жиналды. Қала әкімі Ерхан Омаров пен батыр атындағы қоғамдық қор президенті Совет Байқадамов ескерткішті салтанатты түрде ашты. Сәңкібай батыр даңғылының бойына Сәңкібай батырдың ескерткіші керек-ақ болатын. Батырдың ұрпақтары соңғы жылдары бұл міндетті үлкен жоспар қылып бекітті. Оны жүзеге асыру үшін «Сәңкібай батыр» қоғамдық қоры құрылып, қаражат жиналды. Қорңа 200-ден астам адам ақша аударған. Батырдың ұрпақтары ғана емес облыстың белгілі кәсіпкерлері де игі іске үлес қосты. Қор құрылтайшыларының бірі Қажымұқан Үмбетов ескерткішке уақыт өткен сайын қаланың орталық даңғылдарының біріне айналып, гүлденіп келе жатқан Сәңкібай батыр даңғылынан орын тигеніне қуанышты. Батырдың айбынды бейнесін өзі найзасының ұшымен, білегінің күшімен қорғап қалған жерге орнатып, баба алдындағы бір парыздарын өтеген оның Өтебай, Толыбай, Ќұрманбай, Бәшен деген ұлдарынан тараған оныншы ұрпағы. Батырдың сондай-ақ ерекше ықыласы ауған жалғыз Ақбота есімді ерге бергісіз жауынгер қызы болған. Ол 1730-шы жылдары Еділ қалмақтарымен Жем бойында соғыста қаза тапқан. Ал Назар руының бай, би, әрі батыры болған Сәңкібай 117 жыл өмір сүрген. Ол Жем өзенінің батысында Ақбота шоқысына жерленген.
Количество показов: 4266
Дата создания: 06.07.2014 16:19:37