Өрт қауіпсіздігі басты назарда
Жылыту маусымы басталғалы 2 айға жуықтады. Осы орайда Төтеншеліктер тұрғын үйлерді аралап, рейд жүргізді. Көбіне өрт оқиғалары жеке тұрғын үй секторында болады. Айта кетейік, облысымызда биыл 469 өрт болып, 13 адам қаза тапты. 11 адам зардап шекті. Өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шара аясында жылыту маусымы басталғалы бері 30.000-нан астам тұрғын үйге аралау жұмыстары жүргізілген. Қаламызда ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, рейд жүргізді.Айтуларынша көбіне өрт оқиғалары жеке тұрғын үй секторында болады.Аралау барысында улы газ датчигі орнатылып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік,арнайы қондырғы газ шыққан жағдайда белгі береді.Ақтөбе облысында биыл 469 өрт болып, 13 адам қаза тапты. 11 адам зардап шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға көбейген. Ал, келген шығын 200 млн теңгеден асып кеткен. Айта кетейік, облысымыз бойынша осал топтағы 6500 астам нысан бар.Төтеншеліктер өрт кезінде жедел "101" және "112"нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұрайды.Жылыту кезеңі басталғаннан бері 30мыңнан астам тұрғын үй тексерілді.Сонымен қатар аралау жұмыстары барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады.Количество показов: 10
Дата создания: 27.11.2024 15:42:56