ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді
Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет.Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды.Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керектігін шегелеп айтқан болатын. Ал ел бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨУ үздіктер қатарында. Айта кетейік, 2025 жылды мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажетттігін тілге тиек етті. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз,-деді президент. Бүгінгі басқосудығ мақсаты да осы. Білім саласындағы тың реформалар мен жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін таныстыру.Количество показов: 226
Дата создания: 24.09.2024 09:24:13