Отшашудан абай бол!
Видеода көріп тұрғаныңыздай жеткіншек қолдан петарда сатып алды. Өйткені, арнайы мамандандырылған дүкен жасы 18 ге толмаған балаға мұндай заттарды сатпайды. Заңмен тыйым салынған. Ал базарда петарда, фейерверк сынды бұйымдар қолжетімді. Тіпті балаға дейін кедергісіз алады. Еркін сауданың зардабы ауыр болуы мүмкін. Сондықтан тәтіп сақшылары рейдті күшейтпек. Мұндай жылтыраған жарылғыш затарды арнайы мамандандырылған жерлерден ғана сатып алған абзал. Өйткені, лицензиялары бар сауда орындарындағы бұйым қауіпсіз. Сатушы нұсқаулық береді, тіпті мұндай затты қалай қолдану керектігін де түсіндіреді. Ал қолдан алынған зат арзан болғанымен, өміріңіз үшін қауіпті. Төтеншеліктер өңірде өрт оқиғаларының жиілегенін айтып дабыл қағуда. Дені тұрғындардың салғырттығының кесірінен. қарапайым қағидаларды бұзып жатады, дейді мамандар. Әйтсе де, жылдың соңына қарай, жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық заттардың жарылуына қатысты төтенше жағдайлар да болып тұрады. Мәселен, былтыр Ақтөбеде оқушының саусағы жұлынды. Бұған ата-ана жауапты. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға өздігінен фейрверк, петарда сынды заттарды беруге рұқсат етпеген жөн. Көзінен немесе қолынан айырылуы мүмкін. Егер есте қаларлықтай, мереке сыйлағыңыз келсе өзіңіз басы-қасында тұрып, ережеге сай жаққаныңыз абзал. Ақтөбеде балабақшалар мен мектептерде ертеңігіліктер 20-шы желтоқсаннан кейін басталады. Мәдениет ошақтары да бұл мерекені көпшілікпен тойлайды. Бірақ мұндай мекемелерде отшашулар мен петардаларды қолдануға тыйым бар. Жаңа жыл басында өрттердің өсуі байқалады.Ол, бірінші - тұрғындардың өртпен абайсыз болуы, екіншіден - сымдардың тұйықталуы және пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады. Пиротехникалық бұйымдарды сатып алмастан бұрын, олардың сертификатталған өнім екеніне көз жеткізген жөн. Сондай-ақ сапасына баса мән беріп, сақтау мерзімі мен тауардың тұтастығына да назар аудару керек.Қолданар алдында нұсқаулығын дұрыстап оқып, тұрғынүй және құрылыстардан 50 шаршы метрден арақашықтықты ашық алаңдарда өткізген дұрыс. Желді күнде қолданбауға және кәмелетке толмаған балаларға беруге. Нысандардың ішінде жармауға. Себебі, ол қайғылы жағдай және өртке әкелуі мүмкін.
Количество показов: 60
Дата создания: 19.12.2024 10:17:49