Қоршаусыз жатқан кәріз шұңқырына адам құлап мерт болды
Гастелло көшесіндегі №22 үйдің қасындағы қоршаусыз жатқан кәріз шұңқырынан бүгін белгісіз азаматтың өлі денесі табылды. Тұрғындар жан түршігерлік оқиғаға күндізгі сағат он екілер шамасында куә болды. Бөренедей бір қимылда қатып қалған өлі дененің аяқ - қолы бүгілмейді. Оқиға орнына шақыртылған тәртіп сақшылары 40-45 жас шамасындағы адамның кім екенін анықтауға кірісті. Гастелло көшесіндегі №22 үй тұрғындарының бірде - бірі беймәлім азаматты танымайтын болып шықты. Олардың болжамынша, ажалы кәріз шұңқырынан болған ақтөбелік су астында 3-4 күндей жатып қалса керек. Су сорғылау техникасын бүгін шақыртпағанда қайғылы жағдайдың беті ашылмас та еді. Атқарушы биліктен күдер үзген көше тұрғындары 5-6 жылдан бері үреймен өмір сүріп келеді. Орталықтандырылған кәріз құбырына өздігінен қосыла алмай, арнайы техника шақыртып шығынға батып жүрген ақтөбеліктер бүгінгі оқиғадан соң мәселе шешіледі деген үмітте. |
Количество показов: 2263
Дата создания: 27.09.2012 19:32:17