Он саусағынан өнер тамған ұстаздар марапатталды
Облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде қала мектептеріндегі бейнелеу өнері және технология пәні мұғалімдерінің арасында өткен көрме қортындыланды. Ақтөбеліктер 110 еңбекті тамашалауға мүмкіндік алды. Көрмеге қойылған бұйымдар көздің жауын алады. Кескіндеме, графика, линогравюра, витраж, гобелен, батик, квилинг сынды техникалар шебер орындалыпты. Кәсіби мерекелері қарсаңында бүгін педагогтардың бірқатарының еңбегі еленді. Алғашқы екі орын № 9 мектеп-гимназия шебері Гүлнар Жұмабаеваға және № 32 мектеп-гимназияның технология пәнінің мұғалімі Гүлшат Браловаға бұйырды. Екінші орынды № 21 мектеп-гимназиядан Лаура Бердібекова, № 6 орта мектептен Амандық Тұрғалиев иеленді. |
Количество показов: 3005
Дата создания: 03.10.2012 19:06:01