Қолөнер- ұлттық құндылығымыз
Халқымыздың ұлттық киімдері- еліміздің этникалық, климаттық жағдайларына қарай ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі.Бүгін ұлттық киім ұлықталып, еліміздің басқа облыстарынан келген этно дизайнерлер өз өңіріне сай тігілген ұлттық киімдерімен таныстырды.Шырайлы Шымкенттен келген дизайнерлер ұлттық нақыштағы ер және әйел киімдерін паш етті. Этно киімнің бүгінгі хал-ахуалын, ұлттық киім тігушілердің ой-тілегін, жалпы қазақтың әу баста үстінен тастамаған шапан-қамзол бүгін Өнер орталығының төріне қойылды.Қаламызда қолөнершілер де жетіп артылады. Олардың арасында Ресей мемлекетінен көшіп келген, туған жерге келген соң қазақтық қолөнеріне қызығушылығы артқан әжейлер де бар. Солардың бірі Рабиға Испулатова. Көрші елден жақында көшіп келсе де ата-баба ізін жалғастырып, ұршық иіріп, жүн түтіп, тоқыма тоқып одан бұйымдар жасаймын, дейді. Заманнан қалыспаймын, жүннен жасалған заманауи үлгідегі туындыларым да бар деп бөліседі зейнеткер. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін ата-баба дәстүрі мен ұлттық киім атымен жоқ болды. Егемендігімізді қолымызға алғалы ою-өрнегімізді киімдерімізге таңбалай бастадық. Егемендікке қол жеткізгеннен бері ұлттық киімдерімізді дәріптеп жүрген тұлғалар да бар.Алтынгүл Сұлтангерейова тәуелсіздік алғанымыздың 1 жылдығын тойлаймыз деп жолдасым киіміме қолдан ою-өрнек жалғап берді дейді. Содан бері бұл кәсіпке айналыпты.
Көздің жауын алатын ұлттық киімдеріміз бүгін ұлықталып, Өнер орталығының төріне қойылды."Дәуір" дефилесі өтіп,қазақтың қолөнершілері де құр алақан келмеді. Өңірімізде алғаш ұйымдастырылған "Сыбаға" ұлттық дәстүрлер фестивалінің бүгін екінші күні.Алдағы 3 күн бұл фестиваль жалғасын таппақ.
Количество показов: 49
Дата создания: 04.12.2024 05:36:35