Облыста 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу басталды
Адам папилломасы вирусы жатыр мойны обырының қоздырғышы болып табылады, ал бұл ауру әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі және 600-ден астам әйел осы аурудан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жатыр мойны обырының алдын алу үшін вакцинацияны ұсынады, өйткені бұл обырдан қорғанудың тиімді әдісі,-дейді санитарлар. Ақтөбе облысында былтыр 103 нәзік жанды жатыр мойыны обырына шалдыққан. Олардың арасында ең жасы - 25 жаста. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында 75 әйелден жатыр мойыны обыры анықталды. Аурудың алдын алудың бірден-бір жолы - вакцинация"-дейді мамандар. Атап өтсек, Қазақстанда «Гардасил» вакцинасы қолданылады, ол АПВ-ның төрт онкогенді түрінен қорғайды. Бұл вакцина 135 мемлекетте сәтті қолданылып, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген.АПВ-ға қарсы вакцинациялау адам папилломасы вирусымен зақымдану деңгейін және онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обырының дамуын төмендетеді. Сондықтан адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне енгізілген.Количество показов: 245
Дата создания: 26.09.2024 07:54:54