Әнімен жүрек тербеген
Ән- қашан да жаныңды жадырататын, көңіл-күйіңді көтеретін керемет дүние. Әдемі әнді мүмкіндігі шектеулі жандар да айта алады. Бүгін олар ым-ишара тілінде ән салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.Шараның өтуіне “Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мен “Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы” мұрындық болып отыр. Мәдениет үйінің өнерпаздары ыммен ән айту, би өнерлері арқылы көркем өнерпаздар байқауында көпшілік көңілінен шығып жүр. Шараның мақсаты- қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелерге аудару, олардың арасындағы талантты жандардың өнерін көрсету, мүдделері мен құқықтарын қорғау. Оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, қоғамда тең өмір сүру үшін жағдай жасау.Бүгінде құлағының мүкісі бар жандардың шешілмеген мәселелері жетерлік. Көбі мүгедектік жәрдемақыға күнелтуде. Бұл санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру, қоғамға бейімдеу-басты мәселе, дейді мәдениет үйінің басшылығы. Бүгін 24 ұжымның өкілі сахнаға шығып, өнер көрсетті. Дәстүрлі байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Количество показов: 51
Дата создания: 22.02.2025 00:11:49