Ақтөбеде көпқабатты үйдің терезесін сындырған адам ұсталды
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Оқиға бүгін түнде болған.Бұзақы түнгі 11 лер шамасында домофон құрылғысын басып тұрған. Ешкім есікті ашпағасын терезені сындырып, подъезге кіреді. Бұл әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. 31 жастағы ер адамға қатысты хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды.Количество показов: 60
Дата создания: 22.02.2025 00:16:12