Ақтөбеде 113 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Жол сақшылары көпсалалы "Автоураган-МС" мобилді ақпараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен қаладағы Алтын Орда ауданында жол ережесін бұзған 31 жастағы жүргізушіні тоқтатады. Грузиядан жеткізілген транзиттік көліктің тізгінінде отырған жүргуізуші соңғы екі айдың ішінде ғана 113 рет жол ережесін бұзған екен. Оған 3 243 900 теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Төрт күнге белгіленген"Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу жұмыстары жалғасуда. Облыстың автожолдарында 15 көп салалы "Автоураган-МС" мобилді ақпараттық-бағдарламалық кешен пайдалаылуда. 360 градустық бейнеқабақылау құралымен жабдықталған автомашина қарсы және ілеспе қозғалыс бойынша көлік ағымын бақылай алады.Количество показов: 69
Дата создания: 21.02.2025 07:18:21