Мектептегі ас мәзірі сапалы, әрі нәрлі ме?
Баланың жақсы өсіп жетілуі үшін- жеген тамағы жақсы, құнарлы болуы керек. Осы тарапта мемлекет бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтыды. Соңғы кездері оқушылардың мектеп асханасынан улану фактілері жиілеп кетті. Маңғыстауда бір мектептен жаппай бастауыш класының 462 баласы асханадағы тамақтан уланған болатын. Бұған себеп- санитариялық нормалардың сақталмауы болып отыр.Облыстағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының 70 161 бастауыш сынып оқушысы, 5-11 сынып аралығындағы 9666 жекеленген санаттағы бала, яғни 80 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Тамақтану сапасын бақылау мақсатында облыстық білім басқармасы, қалалық және аудандық білім беру ұйымдары жанынан құрылған топтар, қоғамдық кеңес мониторинг жүргізеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап білім басқармасы тарапынан - 213 , қалалық және аудандық білім бөлімдері тарапынан - 158 мектепке мониторинг жүргізілген. Санитарлық талаптарды бұзғандары да табылған. Оларға жағдайды жөндеу үшін уақыт беріліп, әкімшілік хаттамалар да толтырылды. Білім басқармасындағылар мониторинг жұмыстары жүйелі жалғасын табатын болады. Жаппай улануды болдырмаудың бірден бір себебі- ол үнемі тексеріс жасау деп сендірді.Количество показов: 281
Дата создания: 18.09.2024 08:04:57