Мағаджанның жолы жөнделуде
Қала іргесінде орналасқан Мағаджан орман шаруашылығы елді мекеніне апаратын тас жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөнделетін жолдың ұзындығы 2,5 шақырым. Мағаджан ауылы мен Хромтау тас жолын жалғайтын бұл жолдың жалпы ұзындығы 2409 метр. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме "АссанаСтройСервис" ЖШС жүргізуде. Жоба бойынша ені 7 метрді құрайтын 2 жолақты бұл жолдың бойында арнайы су ағар құбырлар да орнатылатын болады. Мағаджандықтар билік өкілдерінің қатынас мәселесін осылайша қолға алып, жолын жөнге салып жатқандарына дән риза. Алайда, ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған тағы бір проблема бар, ол - жарық мәселесі. Осыдан біршама уақыт бұрын Жаңақоныс ауылындағы Алматы көшесі бойындағы тас жолға да күрделі жөндеу жүргізу қолға алынған болатын. Ені 6 метр, ұзындығы 800 метрді құрайтын жолға жөндеу жұмыстарын "КТП" ЖШС жүргізді. Қазір аталған аумақтағы құрылыс толығымен аяқталып, жол пайдалануға берілді. |
Количество показов: 2417
Дата создания: 16.10.2012 18:54:40