Мұз қатқан жоқ
Ақтөбелік балықшылар балық аулауды қарашаның соңында бастап кеткен. Қар жауып, мұз қатқанда ең оңтайлы сәт. Балық көп түседі. Ал, қазір балықтың түсімі сәл азайған. Қала түрғыны Қылышбек Ізбасаров балық аулауды кішкентай кезінде үйреніпті. Қазір 62 жаста. Қысы, жазы балыққа шығуды әдетке айналдырған. Бүгін екі сағаттың ішінде 20 шақты балық ұстапты. Қармағыма түскен балықты отбасым мен айналамдағыларға бөліп беремін, дейді.Елек өзенінде Қылышбек Ізбасаровтан өзге бірнеше балықшы отыр. Шатыр құрып, арнайы құралдарын сайлап келіпті. Қыстың қызығы - балық аулау. Дегенмен, қауіпсіздік ережелерін сақтай білу керек. Кәсіби балықшылар мұздың қалыңдығы 10 см болғанда ғана айдынға шығу керек, дейді. Мұз қатты екен деп, бірден бастап кетуге болмайды. Сақтықта қорлық жоқ. Өзен-көлдің ағынды жерлерінде мұз бірден қатпайды. Бір-біріне тым жақын қылып та ойық жасауға мүлдем болмайды. Оған қоса, тәуліктің қараңғы уақытында мұз үстіне шығуға тыйым салынған.
Количество показов: 66
Дата создания: 14.01.2025 07:53:59