Ақтөбелік жас математик Мейіржан Есенғалиев Америкадан жеңіспен оралды
Мейіржан Есенғалиев - шаһардағы "Ақбөбек" лицейінің оқушысы. 9-сыныпта білім алады. Білім сайысына физика-астрономия бағытында қатысқан. Физика, математика және информатикалық мамандандырылған білім ордасының бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісі. Шәкірттері оқ бойы озық шығып, Америкада өткен Халықаралық Коперникус олимпиадасында 3-орынға ие болды. Білім додасы қаңтардың 5-10 аралығында Техас штатындағы Хьюстон қаласында болды.Коперникус олимпиадасы биыл 6-рет өткізілген. 14 елден математиктер қатысты. Еліміз бойынша 12 адам бақ сынапты. Ақтөбеден жалғыз - Мейіржан. Жас математикті ұстазы Бекдула Сүлейманов дайындаған. Оқушы алғаш рет шетелге шығып, бірден жеңіске жетіпті. Болашаққа арманы көп. Америкада білім алып, Қазақстанның дамуына үлес қоссам дейді.
Количество показов: 30
Дата создания: 15.01.2025 07:28:05