Биыл Әлия Молдагұлованың туғанына - 100 жыл
Бүгін - Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Ал, биыл туғанына 100 жыл толады. Бүгінгі шара - бастамасы ғана. Батыр қызды жерлестері еске алып, "Әлия" мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Шараға аймақ басшысы Асхат Шахаров, батырдың туыстары, ардагерлер, әскерилер мен түрлі ұйым өкілдері қатысты. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы білмейтін жан кем де кем. 1944 жылдың 14-қаңтарында Казачиха селосын жаудан азат ету кезінде болған шайқаста қазақ қызы көзсіз батырлықтың үлгісі болды. 54-атқыштар бригадасының 4-батальон құрамындағы 18 жастағы бойжеткен жауынгерлерді алға бастап, жау оғынан ерлікпен қаза тапты. Оған ең жоғарғы марапат Кеңес Одағының батыры атағы берілген еді.Аймақта биыл батырдың есімін дәріптеу үшін түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Туған жері Қобда ауданында әлеуметтік нысандар салынып, облыс аумағында ескерткіштері абаттандырылмақ. Ал, биыл шаһар ортасында "Әлия" заманауи үлгідегі мәдени орталығының құрылысы басталады.
Количество показов: 26
Дата создания: 15.01.2025 07:25:07