Диабетке шалдыққандар көбеюде
Қант диабеті - кең таралған аурулардың бірі және оның асқынулары адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Конференция аясында қант диабетіне қарсы күрестегі жаңашыл технологиялар мен тәсілдер талқыланып, тәжірибелер мен зерттеулер ортаға салынды.Өкнішке қарай облысымызда қант диабетіне шалдыққан балалар саны артып келеді. Дәл осындай диагнозбен облыс бойынша 292 бала есепте тұр. Ең кішісі 9 айлық бала. Енді ол өмір бақи инсулинге тәуелді болып, дәрігердің тұрақты бақылауында болуы керек.Диабетпен күресуде заманауи тәсілдерді енгізу арқылы науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізбек. Конференция барысында қант диабетінің алдын алу мен оны басқарудағы инновациялық әдістердің жаңа бағыттары, зерттеулер нәтижелері және тиімді терапия тәсілдері қарастырылды. Бүгінгі конференцияда жаңа аппарат шығарған компания өкілдері де болды. Аппараттың ерекшелігі үйде отырып-ақ жүрек соғысыңызды,қан қысымызды тексеріп, буындарыңызға массаж жасай аласыз.Қазақстанда күніне қант диабетіне шалдыққан 100 адам тіркеледі. Халықаралық диабет федерациясының мәліметіне сүйенсек, әлемде 537 млн адам диабетке шалдыққан. Оның 95 пайыздан астамы 2-типті науқастар. Ал, биыл Қазақстанда 486 мың 174 науқас тіркелген. Оның 456 573-інде 2-типті диабет. Дәрігерлердің айтуынша, күніне шамамен 100 науқас тіркеледі.
Количество показов: 115
Дата создания: 16.11.2024 06:44:51