Мұнайлы өлкеде тағы да газ тапшы
Жүргізушілер кезектен бөлек, кез- келген жанар май бекетінде газ сатылмайтыны айтады. Сұйытылған отын сататын жанар май бекеттерінің өзінде бірнеше құдық жұмыс істемей тұр. Ұзын-сонар кезек күтіп шаршаған жүргізушілердің арасында таңғы алтыда келгендері де бар екен. Талонмен берілетін газға кезек жоқ. Ал, талоны жоқтар арасында 7-8 сағат кезекте тұрған көлік иелері көп. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшылары мұнан бір апта бұрын ғана өңірде сұйытылған отын қоры жеткілікті екенін айтқан болатын. Энергетика министрілігі қыркүйек айына облысқа 10 837 тонна газ бөлді. Мұнан өзге жергілікті мұнай өңдеу зауыттары да қорды көбейтуге үлес қосқан. Бірақ айдың соңында мұнайлы өлкеде газ тапшылығы тағы да орын алып отыр.Количество показов: 307
Дата создания: 01.10.2024 06:07:18