Ұлы Отан Соғысына қатысқан сарбаздардың сүйегі табылды
Ембі қаласының Қырғыз станциясында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған 18 сарбаздың сүйегі жатыр. "Боевое братство" қоғамдық бірлестігі өкілдері жуырда сол аумақтағы темір жолдың бойынан айғақ заттар мен екі адамның сүйектерін тапты. 1942 жылы сол жауынгерлерді өз қолымен көмген ақтөбелікпен пікірлесіпті. "Боевое братство" қоғамдық бірлестігі өкілдері осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жерлестерімізді Ресейден іздеп келді. Бірнеше сарбаздың денесін өңірімізге жеткізіп қайта жерлеген болатын. Ал Ақтөбе топырағында соғыс жауынгерлері көмілгендігі туралы екі жыл бұрын шыққан ақпаратқа олар сенбеген. Биыл Ембі әкімінің қолдауымен Қырғыз стансасындағы темір жол бойында зерттеу жүргізіліпті. Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша 1942- жылы небары 14 жаста болған ақтөбелік қарт ол аумаққа 18 сарбаздың көмілгенін баяндап берген. Куәгер оқиғаның мән - жайын жіпке тізгендей баяндап беріпті. Оның айтуына қарағанда, бір топ отан қорғаушыларды соғысқа жеткізуі тиіс эшелон аударылып, он сегіз жігіт мерт болған, арасында ауыр жарақаттанғандар да болыпты. Өңірімізде мерт болған сарбаздардың ішінде басқа ел азаматтары да болуы мүмкін. Сондықтан зерттеу нәтижесінде із - түзсіз жоғалғандардың тізімі жаңартылуы әбден мүмкін. |
Количество показов: 4506
Дата создания: 01.10.2012 18:44:28