Әлеуметтік нысандарға жылу 7-қазанда беріледі
Ақтөбе шаһары жылыту маусымына дайын ба? Өткен жылғы қыстың біршама қысқаны жасырын емес. Осыған байланысты жауапты басқарма қаланың алдағы кезеңге дайындығын пысықтап, қазандықтар 97 пайызға сақадай-сай тұр деп мәлімдеді.Әйтсе де, жылу ақтөбеліктерге әдеттегідей 1-қазанда емес, 7-қазанда қосылмақ. Өйткені ауа райы жылы,дейді ведомоство өкілі. Келесі аптадан бастап аурухана, мектеп, балабақша, перзнетхана сынды әлеуметтік мекемелер жылу желісіне қосылады. Ал тұрғындарға жылу 15-қазаннан бастап берілмек. Оның өзінде дайындық паспорттары әзір үйлерге ғана. Осы орайда аймақ басшысы дайындық шараларын күн сайын тексеріп, тікелей бақылауды тапсырды.
Өңірді дамытуға ынталы инвесторлар инвестиция құюға әзір. Алайда оларды іске асыру көгілдір отын, сонымен қоса, электр энергиясының жеткілікті көлемі болған жағдайда ғана мүмкін. Ал тапшылық мәселесі болашақ инвестициялық жобаларға қауіп төндіреді. Сондықтан қажетті қуаттылықпен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін Энергетика министрлігімен осы мәселені пысықтау қажет", - деп аймақ басшысы.
Количество показов: 256
Дата создания: 02.10.2024 07:30:43