Жұбанов университетінде бүгін полиглоттардың басы қосылды. Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған халықаралық тілдер фестиваліне Башқұртстан республикасының Уфа, Стерлитамак қалаларынан, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен , Қазақстан халықтары ассамблеясынан, өзіміздің Ойыл ауданынан оқытушылар, студенттер, мектеп оқушылары қатысты. Онлайн тәртіпте Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік педагогикалық университеті командалары қосылды. Башқұрт тілі Ресей, Өзбекстан және біздің елімізде таралған. Түркі тілдерінің қыпшақ-бұлғар тобына жатады. Қазақ тілі де түркі тілдерінің қыпшақ тобынан болғандықтан бір-бірімізге өте ұғынықты. Бүгінгі фестивальде командалар түрлі тілдерді таныстырып, олардың ерекшеліктері жайлы айтты. Лингвист мамандар танымдық сипатта дәрістер оқып, байқаулар, викториналар ойналды.
Количество показов: 2436
Дата создания: 22.09.2017 18:21:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>