Көлік шеруі - жол қауіпсіздігі үшін
"Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында!" Осындай ұранмен бүгін қала көшелерінде көлік шеруі өтті. Оған қатысушы тәжірибелі жүргізушілер мен автомектеп курсанттары ақтөбеліктерге жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қозғалыс қауіпсіздігін насихаттады. Сонымен қатар қаладағы автомектептің бірінде "Жүргізушілердің біліктілігін арттыру және оқыту әдістерін жетілдіру" тақырыбында семинар-кеңес өтті. Теориядан тәжірибеге. Елдегі жүргізушілер даярлау курстарының жаңа бағдарламасы осы қағидаға негізделген. Жүргізушілердің біліктілігін арттыру және оқыту әдістерін жетілдіруге қатысты үкіметтің қаулысы биыл наурызда шықты. Осы қаулыға сай бұдан былай автомектептерде теориядан гөрі тәжірибелік сабақтарға көп уақыт бөлінеді. Курстан өтушілер партада отырып емес, жол ережесін көліктің тізгінінде отырып үйренеді. Бұл жаңашылдықтар бүгін автомектептердің бірінде өткен семинар-кеңесте талқыланды. Жол полициясы басқармасы, көлік инспекциясы, білім басқармасы, автомектеп өкілдері көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау сапасын арттыру жөнінде негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі. |
Количество показов: 2404
Дата создания: 28.09.2012 19:14:47