Ислам-білім алуды парыз деп санайтын дін
Ислам-білім алуды парыз деп санайтын дін. "Тал бесіктен жер бесікке дейін үйрен", деген хадис бар. Ал мұсылман жан-жақты болуы керек. Діннен бөлек ата-баба дәстүрін, ел тарихын, билердің даналық, өсиетін де білген абзал. Ақтөбеде мешіт қызметкерлері арасында облыстық кітиапхананың тұрақты оқырмандары бар. Олар ай сайын бірнеше әдебиет оқуды қолға алған. Осылайша барша жамағатқа үлгі болмақ. Мешіт қызметкерлері кітапханаға жазылып, қазақ жазушыларының шығармаларын оқуда.Діннен басқа да бағыттағы басылымдарды оқу- зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан жастарға, оның ішінде мешітке келушілерге дұрыс бағыт-бағдар беру, дейді облыс имамы. Оның ойынша бұл өзгеріс-қоғамға оң көзқарас береді. Мешіт жанындағы ақсақалдар жұма намазында тек дінді емес, елімізде болып жатқан елеулі жаңалықтармен бөлісіп отырады. Қазір мешітке келушілердің арасында бұл бағытқа оң өзгеріс пайда бола бастады. Келушілердің 100 % болмағанымен, 20-30% қазақ жазушыларының кітабын ала келетін болған.Облыс бойынша 70, ал қалада 12 мешіт бар. Қазір барлық мешіттер кітап бұрышын жасақтап жатыр. Тең жартысы діни кітап болса, жарты сөрені қазақтың классик ақын жазушыларының шығармалары алатын болады. Жұмаға жиналған жамағат қазақтың билерінің сөзін уағыз арасына қосады. Қазақта да сөзге қосатын батыр, билер көп болған.
Количество показов: 53
Дата создания: 04.12.2024 05:23:43