Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Белгісіз жауынгер күні "Жауынгерлік бауырластық" қоғамдық қоры мен «Әлия» іздестіру тобы майдан батырларын еске алды.Жыл сайын үрдіске айналған іс-шарада ескерткішке гүл шиғын қою рәсімін өткізді. Қарулас бауырларының рухына тағзым етіп, жылдағы дәстүр бойынша иесі табылмаған дулығаны "Мәңгілік алау" жанына қалдырды."Жауынгерлік бауырластық"қоғамдық қоры жыл сайын сәуір,қазан айларында сұм соғыс болған алаңға барып,жауынгерлердің мүрделерін іздестіру жұмыстарымен айналысады. Аталмыш қор "Әлия" іздестіру тобы жанынан 1985 жылы құрылған.Содан бері Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің сөресін құнды жәдігерлерімен, жауынгерлердің қолданған заттарымен толықтыруға үлесін қосуда.Іздестіру тобының басты мақсаты соғыс жылдары ұрыс даласында қаза болған жауынгерлерді анықтау. Оларды жадымыздан шығармауға, ерен еңбектерін еске алуға септігін тигізу.Майданнан оралмаған сарбаздардың мүрделерін анықтап, әлі күнге дейін табылмаған белгісіз жауынгерлердің есімін ел есінен шығармау.Количество показов: 39
Дата создания: 04.12.2024 05:27:53