Енді жедел-жәрдем шұғыл емес шақыртуларға түнде бармайды
"Онсыз да жәрдемі жедел емес 103 бригадасының ендігі жұмысы жеңілдейтін болды",- дейді халық. Қан қысымыңыз көтеріліп, инсульт алып жатсаңыз бұдан былай үйге бригада шақырту оңайға соқпайын деп тұр. Себебі денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізбекші. "Онсызда уақытылы келмейтін бұл бригада енді тіптем келмесе өзіміз оқып, дәрігер болудан басқа амал қалмаған сияқты",-дейді тұрғындар. Пікірін тыңдасақ.Бұл қаулы әлі күшіне енген жоқ, дегенмен қаралу үстінде. 103 бригадасы науқастың ауруының асқынуына байланысты жеделдігі жағынан 10,15,30,60 минут ішінде жетуі тиіс. "Ал, егерде өзгертулер мақұлданып, жедел жәрдем көмекке келмесе қажетті органдарға барып, арыз-шағым жазамыз",- дейді халық.Количество показов: 258
Дата создания: 26.09.2024 07:49:02