Денсаулық сақтау саласы қашан жақсарады?
Халықтың денсаулығы еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Осы тұрғыда еліміз соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағынан көптеген жетістіктерге жетті. Денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде медициналық-демографиялық бағытта да бірқатар өзгерістер жүзеге асып жатыр. Бұл салаға қазынадан бөлінетін қаржы да аз емес. Облыс тұрғындары сапалы медициналық көмек алып жүр ме? Әйтсе де, дәрігер тапшылығы ауыл-аймақта бар. Әсіресе, шалғай елді-мекен тұрғындарына медициналық көмектің көптеген түрі қолжетімсіз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты да сын азаяр емес. Облыста қатерлі ісікке шалдыққандар саны азайса да, жаман аурудан көз жұмып жатқандар көп. Мәселен, биылғы жарты жылдықта обыр ауруы 100 мың тұрғынға шаққанда 194,3 ті құрап отыр. Қатерлі дерттің азаюы облыс тұрғындарының көбейюімен байланысты, дейді бас дәрігер. Жаман аурудың алдын алудың бірден-бір жолы оны ерте анықтау. Өзіңіз тіркелген емханаңызға барып скринингтен өту.Қазір ауыл түгілі қаланың өзінде дәрігер жетіспейді. Салаға жауапты шенділердің дәрігерлерді көбейтуге бағытталған іс-шаралары нәтиже бермей жатқан сыңайлы.Батыс өңірінде ақ халаттыларды даярлайтын бірегей оқу орны М.Оспанов атындағы БҚМУ. Мұнда жыл сайын 700 ден астам түлек оқу бітіріп шығады. Бірақ олардың ауылға құлшынысы жоқ. Өңіріміздің денсаулық сақтау саласында 19 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Қалада 4 107 дәрігер болса, ауылдағы ақ халаттылардың саны 438 ді құрайды.
Количество показов: 248
Дата создания: 26.09.2024 07:51:32