Дөңгелегі балшық көлік иелеріне айыппұл салынады
Алтын Орда шағын ауданындағы "Ақтөбе елі" тұрғын үй кешенінінің алаңында да қызу қарбалас. Құрылыс жұмыстарының маусымы басталды. Күн жылынып, алаңдардан кіріп-шығатын көліктер саны да көбейген. Сол көліктер шаһар көшелерінің шаңын аспанға шығарып, асфальтқа балшық илеп кетеді. Құрылыс алаңдарынан шыққан балшықты көше жуатын арнайы техника да тазалай алмайды. Сондықтан , құрылыс алаңдарын тесеруге шыққан топ көп қабатты тұрғын үйлер салып жатқан қүрылысшыларға ескерту жасады. Санитарлық тазалық тәртібіне бағынбайтын құрылыс нысандарын тексеру үшін 5 жедел топ мүшелері "Алтын Орда" ауданында жұмыс істеп жатыр. Бұл ауданда 35 құрылыс нысаны бар екен. Тексеру жүргізушілер құрылыс алаңдарында дөңгелектерді жууға арналған эстакадалар болуы керек. Ал, алаңның кіреберісінде талап бойынша қиыршық тас төселуі тиіс. Бірақ, құрылыс алаңдарында мұндай талаптар сақталмай отыр, дейді жедел топ мүшелері.Количество показов: 38
Дата создания: 27.03.2025 01:48:53