"Бочча" алғаш рет Ақтөбеде
Бочча – бұл дәлдік пен ептілікті талап ететін доп ойыны. Оның басқа паралимпиадалық спорт түрлерінен айырмашылығы – қимыл-тірек аппаратының ауыр зақымданулары бар адамдарға максималды бейімделгенінде. Бұл ойында екі адам болып та немесе бірнеше адам топ болыпта ойнауына да болады.Турнирдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, бочча ойынын танымал ету және инклюзивті қоғамды дамыту. Ал жалпы осы спорт түрінің мақсаты- мүмкіндігі шектеулі жандарды қоршаған ортаға бейімдеу, жаңа таныс, дос тауып, ұамкөл жандардың өміріне аз да болса қуаныш пен стимул беру,-дейді ұйымдастырушылар.Қаламыздағы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында 1 500 ден аса адам бар. Оның 100 і түрлі республикалық, облыстық жарыстарға тұрақты қатысады. Арасында чемпиондары да жоқ емес. Биылғы Париж Олимпиадасына 2 параспортшымыз қатысып, бағын сынап көрді. Бүгінгі жарысқа мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық мәслихат мүшелері, БАҚ өкілдері және басқа да қатысушылардан құралған инклюзивті командалар қатысты. Бұл аталмыш спорттың бастамасы, алда қаламызда бочча секциялары ашылып, тегін түрде инклюзивті балаларды қабылдап бастайды.
Количество показов: 226
Дата создания: 25.09.2024 07:19:15