Биыл - жерлесіміз, композитор Ғазиза Жұбанованының туғанына - 85 жыл.
Атын иемденіп отырған өнер ордасы айтулы күнді ескерусіз қалдырмады. Екінші мәрте скрипкашылар мен виолончелистердің байқауын өткізіп жатыр. Ақтөбелік тыңдармандар классикалық музыкамен сусындауға мүмкіндік алды. Моцарт, Бах, Бетховен, Шопен, Шуберттің шығармаларымен бірге, қазақтың халық әні "Қараторғай" мен "Тұрымтай", Ахмет Жұбанов пен Мұқан Төлебаевтың туындыдарын скрипка мен виолончельдің орындауында тыңдауға мүмкіндік алды. Биылғы байқаудың өткен жылғыдан ерекшелігі- талабында. Әрбір үміткерге бір жылдам, бір баяу орындалатын шығарманы ойнау міндеттелген. Байқауға қатысу үшін әрісі-Ресейден , берісі-Алматы мен Оралдан келген скрипкашылар мен виолончелистер бар. Байқауды ұйымдастырушылардың бірі Нұржамал Мүкееваның айтуынша, жыл санап Ақтөбенің скрипкашылары мен виолончелисттерінің шеберліктері шыңдалып келеді. Оған бірден-бір себеп- халықаралық байқаудардың жиі өткізілетіндігі. Биыл да қазылар алқасы- виртуоз музыканттар. Мәскеудегі атақты Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының доценті Александр Загоринскийдің өзі төрағалық етті. Жеңімпаздар төрт санат бойынша анықталады. |
Количество показов: 2475
Дата создания: 11.10.2012 19:01:52