Бейбітшілік даңғылындағы № 1-үйден тағы шу шықты
Бүгін Бейбітшілік даңғылындағы № 1-ші үйдің тұрғындары тағы да дүрлікті. Бұл жолы- 9 қабатты қос үйдің ортасы сөгіліп, блокты бетоннан тастар опырылған. Жер сілкенгендей болған дыбысты естіген кейбір тұрғындар далада жүр. Бейбітшілік даңғылындағы мына 9 қабатты үй 22 жыл бұрын тұрғызылған. Өте ескі деуге келмейтін көпқабатты үйдің биылдыққа басынан дау кетпеді. Олай дейтініміз, жақында ғана дәл осы үйде күнқағар құлап, тұрғындардың зәресін ұшырды. Ал бүгін тал түсте 186 пәтерлік үйдің қақ ортасы шытынапты. 44-ші пәтерде тұратын Зәуреш апай екі блокты біріктіру үшін құрылыс материалына ағаш салынған да болуы мүмкін дейді. Түсте жарты сағаттың ішінде 9 қабаттың бәрінен опырылған қиқымдар жертөлеге түскен. Тұрғындар енді өз үйлеріне кіруге де қорқып қалған. Айтуларынша, құлаған күнқағарды өздері қаржы жинап дұрыстап алды. Ал блокты іргені өз беттерімен жөндеуге қауқарлары жетпейді. Сондықтан жергілікті әкімдіктен көмек күтеді. |
Количество показов: 2501
Дата создания: 26.09.2012 19:15:09