Белсенді өмір сүру орталығына баратын зейнеткерлердің шағымы
Жол жөндеп жатқан мердігер компания айналаның астан-кестеңін шығарды. Бордюрлер шашылып жатыр. Айнала арық, өтетін жол жоқ, дейді зейнеткерлер. Олар ақырында өздері күнде барып жүрген белсенді өмір сүру орталығына жете алмай қалдық, дейді. Оңтүстік- батыс ауданындағы Тайманов -Бәйішев көшелерінің қиылысындағы жол жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткен. Мердігер компания төрағасы Дәурен Болатұлы да тамыз айынан бері тұрғындарға кедергі келтіріп жүргендерін жасырмады. Ол асфальт зауыттарында инертті материалдар жоқ, сондықтан жұмыс ұзаққа созылып кетті, деп отыр. Шілде айынан бері Оңтүстік-батыс ауданындағы 22 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Жалпы жұмыс көлемі 20 айға белгіленген. Аудан көшелеріндегі асфальт жабындысының 5 сантиметрлік соңғы қабаты жаңартылуда.Количество показов: 204
Дата создания: 11.10.2024 07:35:05