Бәсекелестікті қорғау саласында заңбұзушылық көп
Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті көтерме сауда нарығынан бөлек, ағымдағы жылы бөлшек сауда нарығында сұйытылған газды шекті бағадан асырғандарды жазалады. Сот шешімі бойынша бірнеше жанар-жағар май бекеттеріне бағаны көтергені үшін 1миллион 828 500 мың теңге айыппұл салынды.Қаламыздың ірі супермаркеттеріндегі құқықбұзушылық. Сауда орнындағы техникалардың дұрыс пайдаланбағаны, яғни терминал, тоңазытқыш сияқты техникалар өз орнында тұрмаған. Бұл жерде техника супермаркеттерде және гипермаркеттерде сауда алаңдарын әртүрлі керекті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Сауда орнының иелеріне айыппұл салынды. Қазақстан темір жолының жергілікті филиалында орын алған заң бұзушылыққа қатысты, филиал вагондарды жинап беруді жүзеге асыратын кейбір серіктестіктеріне артықшылықтар беру арқылы бәсекелестікті шектеп, кірме жолдар иелерінің құқықтарына нұқсан келтіру арқылы бәсекеге қарсы әрекеттер жасағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта департаменттің хабарламасымен бұл заң бұзушылықты жойды.
Количество показов: 245
Дата создания: 24.09.2024 09:26:49