Бұралқы ит мәселесі шешіледі ме?
Мал ауруының арасында ең көп кездесетіні- бруцеллез. Бруцеллезге серологиялық зерттеу жұмыстары бойынша жылдың басынан күні бүгінге дейін 526 581 бас ірі қара мал басы тексерілген. Бруцеллез анықталған аулаларға жалпы көлемі 58 928 шаршы метр дезинфекция жұмыстары жүргізілді,- дейді маман. Бруцеллез бойынша облысымыздың аудандарында 5 қолайсыз пункт тіркелген. Олар Байғанин ауданында, Мәртөк пен Әйтеке би ауданындарында. Ақтөбеде бұралқы ит пен жабайы мысық мәселесі өзекті. Аш ит адамға шабады. Күн салқындаған сайын көшеде қаңғыбас төрт аяқтылар көбейді. Қалада мұндай жануарларды аулау кезекшілік кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр,-дейді ветеринарлар. Мәселен, мұндай шараларды 11 ит аулаушы мен облыстық ветеринария басқармасының мамандары бақылайды. Биыл тұрғындардың шағымымен облыста 15 000 нан астам қаңғыбас ит және 342 мысық ауланған. Оның ішінде қалада 11 116 ит және 227 бас мысық ауланды.Сонымен қатар облыс бойынша жоспарланған ауылдық округ орталығына салынатын 45 модульдық ветеринариялық пункттерге жергілікті әкімдіктер тарапынан жер бөлу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Ырғыз ауданы, Қызылжар, Мәртөк , Жайсаң ,Байторысай , Ойыл , Көптоғай , Саралжың ауылдық округтері мен аудандарда ветеринариялық пункт ғимараттарында бөлек отыр. Ағымдағы жылы облыс аумағында тағы 10 ветеринариялық пункт салу жоспарлануда.
Количество показов: 246
Дата создания: 19.09.2024 07:29:26