"Бір ауыл-бір өнім" жобасының жемісі мол
"Бір ауыл — бір өнім" — бұл әлеуметтік жоба. Жоба аясында елді мекенде жұмыссыз отырған қыз-келіншектер түрлі бұйымдар жасап, бір ауылдың атымен бренд ретінде жасап шығармақ. Тауарлар ел ішіне және шетелдерге экспортқа да шығарылады. Әрі табыс көзі болады. Ол үшін сіздің ұсынған тауарыңыз расымен сапалы болуы тиіс.Облысымызда жүзеге асырылған "Бір ауыл-бір өнім" жобасы бойынша да жеңімпаздар анықталды. Жартылай финалда комиссия мүшелері қатысушыларға сұрақтар қойып,өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар берді. Бренд комитеттің құрамына кәсіпкерлік басқармасының, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің, стандарттау институттарының қаржы бөлімі, қоғамдық кеңес қауымдастығының өкілдері кірді. Комиссияның шешімімен 3 кәсіпкер үздік деп танылды. Жеңімпаздар керамика өндіру, этностильдегі киімдер және бөдене жұмыртқасын өндірумен айналысатын кәсіпкерлер.Количество показов: 287
Дата создания: 21.09.2024 07:53:42