Қазып, артынан шұңқырды бітемеген
Людмила Сохарь- зейнеткер. Заречный-2 ауданы Қайдауыл батыр көшесінде тұрады. Айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде, коттедждер ауданына су кетіп қалмас үшін, жұмысшылар есігінің алдын 1,5 метр шұңқыр қылып қазып кеткен. Содан бері бұл шұңқыр бітелмепті. Жасы 80 нен асқан жұбайы екеуінің жүріп-тұруы қиын. Ал үйінің дәл алдына қазылған ор қарияларға жарты жылдан бері ыңғайсыздық әкеліп отыр. Енді зейнеткер- шұңқырды сапалы түрде бітеп беруін сұрайды. Тек құммен бітесе, ол ертең су кетіп немесе жаңбыр жауса қайта ойылып кетуі мүмкін деп үрейленеді. Ал тұрғын үй комуналды шаруашылығындағылар болса, мәселе назарға алынды, келесі аптада шұңқырды бітейміз деп уәде берді.Сексеннің сеңгіріне шыққан қариялар жерді қазіп, кейін бітемей кеткен мердігер өз істеріне атүсті қарап, қалпына келтіруді ұмытып кеткенін айтады. Ал шенділер болса мәлесені бақылауға алып, бір аптаның көлемінде шұңқырды бітейміз, жұмысты сапалы атқарамыз деп бекініп отыр.Количество показов: 277
Дата создания: 21.09.2024 07:56:09