Ата-аналар балабақшаға Face ID жүйесін орнатуға қарсы петиция жариялады
Бұған дейін алақан жүйесі мектептерде оқушылардың қауіпсіздігі үшін орнатылды. Жүйе енді балабақшаларға да енгізілмек. Әр мектепке дейінгі ұйымда арнайы турнекет тұрады. Бүлдіршіндер алақанды сканерлеу жүйесі арқылы жабық тұрған турникетті ашады. Бүлдіршіндердің кіріп-шыққанын ата-ана мобильді қосымшадан қадағалап отырады. Автоматты түрде алақаны туралы биометриялық ақпаратты базаға енеді. Турникет әр баланың алақаны мен тамыр суретін танып алады. Бұл жаңашылдыққа ата-аналардың дені қарсы. Дегенмен, еліміздің кей облыстарында заманауи жүейге қарсы ата-аналар жиналып петицияға қол жинап жүр."Баламыз туралы ақпарат аляқтардың қолына түседі деп қауіптенуде. Тіпті алақан жүйесі арқылы инфекция жұқтыру қаупі жоғары, деушілер де бар. Перзентінің қауіпсіздігіне алаңдаған ата-ана әр балабақшада күзетті күшейту керектігін алға тартуда.Количество показов: 252
Дата создания: 09.10.2024 06:23:54