Аналар кеңесі өтті
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-ң «Мәңгілік ел» конференц-залында өткен іс шараға тату-тәтті отбасылар мен Ішкі саясат басқармасының орынбасары табыс еткен алғыз хат иелері де қатысты. 2014 жылдан бастап Аналар кеңесі - Ассамблеяның заңды құрылымдарының бірі болып бекітілді. Биыл Аналар кеңесіне 10 жыл толып отыр. Іс-шараға Облыстық және аудандық Аналар кеңесінің төрағалары қатысты. Қазіргі таңда Аналар кеңесіне 1000-нан астам әйел мүше. Айта кетсек Облыс бойынша 175 Аналар кеңесі жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар іс-шарада отауласқанына 50 жыл болған "Алтын шаңырақ", 25 жыл болған "Күміс кереге" және "Жұлдызды ана" секілді номинациялармен алғыс хаттар алды. Бүгінгі шарада "Алтын шаңырақ" иелері Ойыл ауданының тумасы Асылбаевтар отбасы болды. Мұғалімдік қызметте 40жылдай қызмет еткен ата-ана 4 ұл, қыз 16 немере мен 8 шөбере сүйген. Құрылғанына 10 жыл толған Аналар кеңесі құқық бұзушылыққа қарсы, нашақорлық пен қоғамдағы неше түрлі келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында жұмыстанып келе жатыр. Сондай-ақ, отбасылық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу жолдарын да талқылайды.Количество показов: 276
Дата создания: 19.09.2024 07:32:45