Қамқоршылық пен патронаттық тәрбие Алға балалар үйіндегі жетімдер санын азайтты
Біздің елде ешкімі жоқ балалар жетімдер үйінде, не патронатты отбасыларда тәрбиеленеді. 14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14-18 жас аралығындағы жеткіншектерге жасалады. Қорғаншылар мен қамқоршылар баланы тәрбиеге алғаны үшін ақша талап етпейді. Олардың айырмашылығы тек - қамқоршы адам бала үшін шешім қабылдауға құқылы. Мәселен, ол қамқорлығындағы баланың үйін сату, мұрасынан бас тарту секілді мәселелерге араласа алады. Біздің облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 мың 735 бала бар. 101 бала патронаттық тәрбиеге алынған. 1 мың 71-і қамқоршылықта. Балалар үйлеріндегі қаракөздерді қамқоршылыққа алғысы келетін отбасылар көп,-дейді облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Күлпаршын Айдарханова. Бірақ, ерлі-зайыптылар жасөспірімдермен тіл табыса алмайды. Мәселен, былтыр қамқорлыққа алған отбасы мүшелерімен сыйыспаған екі жеткіншек балалар үйіне қайтарылған. Жетімдерді патронаттыққа не қамқоршылыққа алғысы келетін, бірақ, жүрексінетін осындай ата-аналарға бүгін мамандар құқықтық кеңес берді. Ал біреудің баласын жылатпай, бетін қақпай, бағып-қағып, азамат етіп өсіріп отырған үздік қамқоршыларға құрмет көрсетілді. |
Количество показов: 3336
Дата создания: 21.09.2012 19:14:48