Қалада 300-ге жуық нәзік жанды жұмыссыз отыр
Әйелдерді жалақысы жоғары жұмыстарға орналастыру қажет. Бұдан бөлек лауазымдық өсуге, түрлі мамандық бойынша еңбек етуге қолдау жасалынуы тиіс. Бүгін қалалық әкімдікте Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында гендердік саясат тағы бір мәрте талқыға түсті. Жыл басынан бері 24 мамандық бойынша 112 нәзік жанды жұмысқа орналасқан. Басым көпшілігі аспазшы, тәттігер, бала күтуші болып. Сондықтан болар бүгін қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры кәсіпкерлік бөліміне болашақта кәсіппен айналысушылардың арасында нәзік жандылардың қатарын көбейтуге ұсыныс түсірді. Дерек бойынша 2012 жылы төрт әйел ғана кәсіпкер ретінде несие алып, кілем тоқушы, шаштараз, тәтті даярлайтын цех ашқан. Ал былтыр несие бір ғана әйелге беріліпті. Биыл алты мүгедек әйел жұмысқа орналасыпты. Оның біреуі облыстық сотта іс қағаздарын жүргізеді. Жастар тәжірибесі негізінде 40 бойжеткен қосымша оқытылып жатыр. Негізінен олардың дені тағам технологы болып шығады. Айта кетерлігі, жұмыспен қамту орталығына 9 айда түрлі компаниялардан 2 мың адамға сұраныс түсіпті. Бірақ, мамандықтардың 452-сі ғана нәзік жандыларға арналған. |
Количество показов: 2362
Дата создания: 09.10.2012 19:02:10