АИТВ жұқпасына жасырын түрде тексеру жүргізілді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында АИТВ инфекциясының 57 жағдайы тіркелді.Олардың дені инфекцияны жыныстық жолмен, ал бір науқас есірткі қолданған кезде шприц арқылы жұқтырған.Осы орайда облыстық ЖИТС орталығының мамандары Керуенсити сауда орталығында ЖИТСке қарсы күн аясында науқан өткізді.Бұнда қараша ақысыз және жасырын түрде тексерістен өтті.Мамандар АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдарда толық жазылып шығуға мүмкіндік жоқ дейді.Үнемі дәрігердің қарауында болып, өмір сапасын жақсартуға болатынын айтады. Бүгінгі науқанда халықты АИТВ инфекциясының өзектілігіне база назар аударту ретінде ұйымдастырылды. Бұнда еріктілер тегін және жасырын түрде АИТВ инфекциясына қарсы жылдам тексерістен өтіп, 20 минуттың ішінде қолдарына қорытындысын алу мүмкіндігіне ие болды.
Количество показов: 12
Дата создания: 27.11.2024 15:47:07