Абайлаңыз, тұмау!
Тұмаудан қорғаудың бірден бір жолы-вакцина. Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қазынадан бөлінген қаражатқа 109 400 адамды тұмауға қарсы вакцинамен егу жоспарланған.Қаладағы медицина қызметкерлері ,ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар ,қарттар үйіндегілер мен диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарға вакцина тегін. Қала тұрғындарының деніне тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде алуға болады. Облысқа қосымша Ресейде өндірілген 38 870 Гриппол+ вакцинасы жеткзіліген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары тұмауға қарсы вакцина қоры өңірде жеткілікті деп отыр.
Количество показов: 270
Дата создания: 17.09.2024 07:24:55